«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі өткізілуде

Эмблема

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы педагогтар мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» қағидалары негізінде 2018 жылдың 7, 8 маусым күндері өткізілді.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне облыс бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 162 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 32 оқытушы қатысты. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңіне аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 18 педагог, кәсіптік және техникалық колледждерінен 5 педагог өтінім беріп, конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қабылданды.
Конкурстың негізгі кезеңінің қорытындысы бойынша аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 8 үміткер, кәсіптік және техникалық колледждерінен 5 үміткер конкурстың қорытынды виртуалды дауыс беру кезеңіне жолдама алды. Конкурстың виртуалды дауыс беру кезеңі 2018 жылдың 13 – 23 аралығында өтеді.
Үміткерлер өздерінің шығармашылық жұмыстарын облыстық білім басқармасының сайтына орналастырды.
Байқауға қатысушыларға дауыс беріңіздер!!!

Мектеп

  1. Сугирбекова Үмит Избасаровна  – Байзақ аудыны, №1 мектеп-гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жүктеу
  2. Ускенбаева Мейрамкуль Аманжоловна – Жуалы ауданы, №1 мектеп-гимназиясының педагог психологі  Жүктеу
  3. Сатылғанова Айгуль Султанбековна – Қордай ауданы, Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Жүктеу
  4. Малыхина Флюра Ахматовна – Талас ауданы, К.Маркс атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Жүктеу
  5. Жәкеева Мәншүк Дербісқызы – Талас ауданы, Лицейдің химия пәнінің мұғалімі  Жүктеу
  6. Абаева Шамша Тулегеновна – Шу ауданы, Төле би атындағы орта  мектебінің физика пәнінің мұғалімі  Жүктеу
  7. Полухина Наталья Александровна – Тараз қаласы, №24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі  Жүктеу
  8. Киялбеков Нариман Маликович – Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі   Жүктеу

Колледж

  1. Муханова Аяулым Оркенқызы – Тараз қаласы, Тараз химия-технологиялық колледжі, «Химиялық технология және өндіріс» мамандығының арнайы пән оқытушысы Жүктеу
  2. Шуленбаева Райхан Кенжековна – Тараз қаласы, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Құрылыс жинақтау өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастыру» арнайы пәнінің оқытушысы Жүктеу